Артқа

HH-дан түйіндемені қалай импорттауға болады

HH.kz сайтынан түйіндемеңізді импорттау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. HH.kz сайтындағы өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіріңіз.

  2. «Менің түйіндемелерім» қойындысын таңдаңыз.

  3. Қажетті түйіндемені таңдаңыз.

  4. Оң жақ төменгі бұрыштағы «Көрінуін өзгерту» батырмасын басыңыз.

  5. Ашылған терезеде «Тікелей сілтеме бойынша ғана көрінеді» опциясын таңдаңыз да, «Сақтау» батырмасын басыңыз.

  6. Осыдан кейін HH.kz сайтындағы түйіндемеңіздің жанында «Тек тікелей сілтеме бойынша қолжетімді» деген жазу пайда болады - сол сілтемені көшіріңіз.

  7. Содан соң qsamruk.kz сайтындағы жеке кабинетіңіздің бетіне өтіңіз.

  8. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы «Импорт» батырмасын басып, көшірілген сілтемені қойыңыз. Содан кейін «Импорттау» батырмасын басыңыз.

  9. Түйіндемеден импорттағыңыз келетін мәліметтерді таңдаңыз, бәрін мұқият тексеріңіз және төмендегі «Импорттау» батырмасын басыңыз.

  10. Қосымша нұсқаулықты мына сілтемеден қарай аласыз:
    https://qsamruk.kz/help/view/kak-importirovat-rezume-s-hh